Ақаулы электр құралдарын пайдаланбаңыз

Ақаулы электр құралдарын пайдаланбаңыз

Өрт – бұл біздің ұқыпсыздық пен өрт қауіпсіздігінің негіздерін білмеу нәтижесі.

Өрт құрбаны болмау үшін қарапайым қағидаларды сақтаңыздар:

- ақаулы электр құралдарын пайдаланбаңыз;

- электр жабдықтарын және аспаптарды жөндеумен айналыспаңыз. Бұл жұмысты маман орындауы керек;

- кез келген жаңа электр құралдарын желіге қосар алдында оны пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен мұқият танысыңыз;

- электр құралдарының металл корпусына және су құбырының, жылыту, канализацияның металл жүйелеріне бір мезгілде тимеңіз;

- есіңізде болсын, электр сымындағы нашар байланыс оның қызуына, ұшқынның пайда болуына әкеледі және өрттің себебі болуы мүмкін;

- тек стандартты сақтандырғыштарды және балқымалы ендірмелерді пайдаланыңыз. Қолдан жасалған «қоңызшаларды» ешқашан пайдаланбаңыз. Электр қыздырғыш аспаптарды пайдаланған кезде қоректендіргіш электр сымының қыздыру элементімен немесе қыздырылған бетімен жанасуына жол бермеңіз;

Электр құралы жанған жағдайда оны токтан ажыратып, оттегінің жану аймағына кіруін тоқтату үшін тығыз матамен жабу керек. Кернеуде тұрған жанып жатқан электр аспаптарын сумен сөндіруге болмайды. Өрт шыққан жағдайда дереу өрт сөндірушілерді шақыру қажет.

Есіңізде болсын: өртті сөндіргенше алдын алу оңай, сондықтан өрт қауіпсіздігі қағидаларын өзіңіз сақтаңыз және оларды басқалардан сақтауды талап етіңіз.

Жарма ауданы ТЖБ-і