
Сыбайлас жемқорлық қазіргі қоғамның тұрақты зерттеуді, жедел қарсы тұруды талап ететін теріс құбылысы болып табылады.
Жарма ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тұрақты түрде іс-шаралар өткізіледі.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың табысты құрамдас бөлігі мемлекеттік қызметшінің құқықтық сауаттылығы, заңнаманы зерделеу болып табылады. Бөлім қызметкерлерінің құқықтық мәдениеті мен құқықтық ақпараттылығы мақсатында үнемі құқықтық жалпы оқыту жүргізіледі, жеке құрамға Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар комитетінің, Төтенше жағдайлар департаментінің шолулары мен талдаулары, құқықтық актілер, "мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңдарды іске асыруға бағытталған нормативтік құжаттар, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті жандандыру, бөлімде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік жағдайын құру туралы тапсырмалары жеткізіледі.
Азаматтық қорғау органдарындағы бұл жұмыс ерекше бақылауда, қызметтің негізгі басымдылығы азаматтық қорғаныс деңгейін арттыруға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының маңызды стратегиялық басымдығы болып табылады. Бөлімнің жеке құрамы осы стратегияны қолдайды: Біз сыбайлас жемқорлықсыз әлем үшін!
Жарма ауданы ТЖБ-і