Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

2020 жылдың 17 маусымында Жарма ауданы әкімдігінің кіші залында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексін түсіндіру бойынша кездесу өтті. Түсіндіру жұмыстарын "Жаңару "сыбайлас жемқорлыққа қарсы Республикалық қоғамдық қозғалысы" ШҚО филиалының директоры, ШҚО этика бойынша Тәртіптік кеңестің мүшесі Манаков Жомарт Нұқанұлы және ШҚО әкімі аппаратының этика бойынша уәкілі Арыстанбек Ринат Арыстанбекұлы жүргізді. Кездесуге Жарма ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Тұмарбек және Жарма ауданының дербес бөлімдерінің басшылары қатысты.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексі нормаларын сақтау талаптары толық түсіндірілді.