Суға түсу кезінде қолданатын ережелермен, қауіпсіздік шаралары

Суға түсу кезінде қолданатын ережелермен, қауіпсіздік шаралары

Ағымдағы жылдың 1 маусымынан Республиканың барлық аймақтарында суға түсу кезеңі басталды. Осыған орай, Сіздерге жеке бас қауіпсіздігін сақтау мақсатында суға тек рұқсат етілген территорияларда түсуге болатынын жеткіземіз. Суға жағалаудың рұқсат етілген аймағында және күндіз түсу қажет. Суда шомылу кезінде ішімдік ішуге тыйым салынатындығын ескертеміз.

Сондай-ақ, су қоймаларында адам өлімінің негізгі себептері – адамдардың суға түсу кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтамауы болып табылады. Яғни, нақтырақ айтқанда: тыйым салынған, жабдықталмаған су аймақтарында жүзу; көл мен өзендердің күзетілмеген аумақтарында жүзу; ішімдік ішіп суға түсу; ата-аналардың қарауынсыз балалардың судың алшақ аймақтарына кетіп қалуы. Жарма ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі суға түсу кезеңінде мына негізгі және қарапайым ережелерді есте сақтауларыңызды сұрайды:

- судың тереңдігін анықтап алмай суға сүңгуге болмайды;

- судың бетінде тұрған немесе кетіп бара жатқан қайыққа жақындамауларыңыз тиіс;

- түнгі уақытта және тұман басқан кезде суға түсуге тыйым салынады;

- тыйым салу белгілері бар аймаққа жүзбеу, суда бөренені немесе жеңіл материалдан жасалған затты тірек етпеу, өйткені аударылу қаупі бар;

Сондай-ақ, азаматтарды демалыс жерлерінде өшірілмеген от ошақтарын, темекіні тастап кетпеуді ескертеміз.

Жарма ауданы ТЖБ-і