
Табиғатта болатын өрттердің көбісі отқа немқұрайлықпен қараудың салдарынан болады. Өшпеген сіріңкенің кепкен шөп орамға тасталуы немесе сөнбеген от, ақауы бар автокөліктің артқы жағынан түтіндеуі абайсыздықтан туындайтын өрттерге әкеліп соқтырады.
Жарма ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен 2020 жылғы өрт қауіпті кезеңінде мониторинг пен уақытылы ескерту жұмыстары жүргізілуде. Жарма ауданы ТЖБ қызметкерлерімен қала тұрғындарына өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау тақырыбында ескертпелермен жадынама парақшалары таратылуда.
Тұрғындар мынаны білулері тиіс:
-Табиғатта демалғанда от, кепкен шөп орамды, қалдықты жағу кезінде қауіпсіздік шараларын ұсануы қажет;
-Кепкен шөп орамды күннің ыстығында жазық далада немесе үйдің жанында жағуға болмайды;
-Кепкен тал бұтақтарының маңында от жағуға болмайды. Егер мүмкіндік болса, отты құмның үстінде жағу дұрыс болады;
-Сөніп келе жатқан оттан түтін шығып тұрса жанынан алыстамау. Сөндіріп кету.
-Сөнбеген темекі мен сіріңкелерді тастамау.
Жарма ауаны ТЖБ-і