Үкіметтік емес ұйымдар назарына!  

Үкіметтік емес ұйымдар назарына!   

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап өткен 2023 жыл бойынша үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді «ҮЕҰ Дерекқорына» ұсынудың кезекті мерзімі басталды.

Қазақстан Республикасы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мәліметтер жыл сайын 31 наурызға дейін ұсынылады.

Мәліметтер «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру Қағидаларына» сәйкес ұсынылады (ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 402 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 қыркүйекте №29765 болып тіркелді).

Сіздер өз ұйымдарыңыздың қызметі туралы мәліметтерді ҮЕҰ Дерекқорының https://infonpo.gov.kz/ интернет-порталы арқылы жібере аласыз (интернет-порталда авторизациядан өту ХҚКО-да алынған заңды тұлғаның ЭЦҚ кілтінің көмегімен мүмкін болады).

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы және анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті әкімшілік жауапкершілік көзделген.