ҚР ІІМ ТЖ комитетінің Көкшетау техникалық институтына түсіңіздер

ҚР ІІМ ТЖ комитетінің Көкшетау техникалық институтына түсіңіздер

ҚР ІІМ ТЖ комитетінің Көкшетау техникалық институтына түсіңіздер

Өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығы ежелден құрметті және сыйлы болып саналады. Бұл жай ғана мамандық емес, бұл өмір салты, өзін-өзі құрбандыққа шалуға дайындық, үнемі даму және өсу, әр түрлі батырлыққа және айналаға көмектесуге ұмтылу.

Өрт сөндірушінің мамандығын тану ол - шешуші, мықты, жауапты, ақылды, қатты мінезді, ерік күші, тез реакциясы бар тұлғаларға ғана тән. Ал бұндай оңай емес шеберлікке біздің елімізде Көкшетау техникалық институты оқытады. Көкшетау техникалық институты жоғары оқу орны болып табылады, «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайларда қорғау», «Азаматтық қорғаныстың командалық тактикалық күші» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар білікті офицерлерді дайындайды. КТИ түлектері әр түрлі сипаттағы төтенше жағдайдағы тапсырмаларды шеше алатын, іскерлік және жоғары моральдік қаситеттері бар жоғары сыныпты мамандар болып табылады. Жеке жоғары оқу орны ретінде Көкшетау техникалық институты өзінің жұмысын 1997 жылдың шілдесінде бастады. 20 жыл бойы азаматтық қорғау офицерлерін дайындайды.

Дене шынықтыру дайындығы және өрт-сөндіру спорты тиімді жедел-қызметтік тапсырмаларды шеше алатын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің мамандықтарының жалпы кәсіби дайындықтарына қалыптасуларына ажырамас бөлігі және іргетасы болып табылады. Институтта келесідей спорттың түрлері бар: жеңіл атлетика, гір спорты, қол күресі, Президенттік көпсайыс, волейбол, футбол, баскетбол, үстел теннисі, құтқару көпсайысы, шаңғы жарысы және тағы басқалары. Институттың курсанттары бірнеше мәрте облыстық және республикалық сайыстардан жеңімпаздар болды.

Орта мектеп оқушыларына, сонымен қатар жоғары білім алуға ойланып жүрген жастарға бүгінгі күні дұрыс кәсіби жолды таңдауға Жарма ауданының ТЖБ-нің және №32 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері көмектеседі.

КТИ түсу, сонымен қатар өрт сөндіру бөліміне жұмысқа орналасу бойынша кеңесті Қалбатау ауылы, Қабанбай көшесі 3, ТЖБ-нен немесе № 32 өрт сөндіру бөлімінен алуға болады, 8 72347 65-251 телефоны арқылы

Жарма ауданы ТЖБ-і