
Суға түскенде сақ болыңыз
Күн жылынған сайын адамдартабиғатқа шыққысы келеді, әсіресе су айдыны бар жерге жиі шығады.
Жаз-бұл белсенді демалыс маусымы: балық аулау, аң аулау, су айдындарына табиғатқа шығу немесе жағажайда демалудың қарапайым кезеңі. Бірақ жаз мезгілінде судағы қайғылы оқиғалардың-негізгі саны орын алады.
Жаз қарсаңында Жарма ауданының ТЖ бөлімі тұрғындарға су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі туралы ескертеді.
Суға шомылу маусымы жыл сайын 1 маусымда ашылады.Суда шомылар алдында суға түсер орынды таңдап алыңыз: құтқарушылармен арнайы жабдықталған орындарда жағажайларда, бассейндерде және арнайы орындарда шомылу.
Қауіпсіз шомылуға арналған төменгі температура шегі: суда - + 18 0С, ауа температурасы - +22 0С. Балалар мен денсаулығы әлсіз адамдар үшін мұндай температурада шомылу денсаулық пен өмірге қауіпті.
Абай болыңыз, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз. Бұл қандай да бір қайғылы жағдайларды болдырмауға көмектеседі және туған-туысқандары мен жақындарыныздың көңіліне кірбің түсірмейді. Су- жүзе білетін, суда сақтықты және өзін-өзі ұстау ережелерін сақтайтын адамдарға қорқынышты емес. Қауіпсіз демалыс-бұл ең алдымен ақылдылық пен дұрыс ойлауды қажет етеді. Жағажайға шықпас бұрын мына ережелерді естке саламыз:
-жұмыс істеп тұрған құтқару станциялары бар жағажайларды таңдауға тырысыңыз;
- ешқашан жалғыз жүзіңіз;
- егер сіз тереңдікті білмесеңіз, ешқашан суға сүңгімеңіз;
- ешқашан балалар мен қарт адамдарды тастап кетпеңіз. Олар тепе-теңдікті жоғалтып, тіпті шағын суда суға батып кетуі мүмкін;
- ішімдік ішпеңіз.
Жарма ауданы ТЖБ-і