Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау

Бүгін аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдауға қатысқан тұрғындар  тарапынан бірқатар шешімін қажет ететін сауалдар жолданды. Атап айтқанда, тұрғын үй, ерекше қажетілігі бар балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету, атаулы әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау мәселесі бойынша сұрақтар көтерілді.

Қабылдауға келген әрбір аудан тұрғынының көтерген мәселелері мен жолданған сауалдарын қарап, заң аясында шешу жолдарын қарастыру бойынша тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар берді.