
Электр жүйелері мен жабдықтары жоғары өрт қауіптілігін тудыратыны ешкімге құпия емес. Әрбір үйде тұрғындар электр техника және жылыту құралдарын белсене пайдаланады, нәтижесінде аталған кезеңдегі өрттердің басым бөлігі дәстүрлі түрде электр техникаға немесе оларды дұрыс қолданбауға байланысты себептерден орын алады. Өрттің себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болып табылды. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірыңғай жалпы әдісі, сонымен қатар электр жабдықтарының өрт қауіпсіздігінің жеке әдісі жану көзінің пайда болу қауіпін, тез жанғыш ортаның, өрттің таралу жолдарының пайда болуын жоюды немесе шектеуді көздейді. Электр құралдарын пайдаланған кезде:- электр қуатын қабылдағыштарды (электр құралдарын) оларды дайындаушы мекемелердің нұсқаулықтары талаптарына сәйкес келмейтін немесе ақаулығы бар болған жағдайларда қолдануға, сонымен қатар зақымданған немесе қорғағыш белгілерін жоғалтқан оқшаулаулары бар электр сымдары мен кабелдерін пайдалануға;
- тежегіштердің балқығыш ендірмелері жанып кеткен жағдайда қолдан жасалған ендірмелерді қоюға болмайды, бұл барлық электр сымдарының қызып кетуіне, олардың қысқа тұйықталуына және өрттің пайда болуына әкеліп соғады;
- ашық электр сымдарын бояуға немесе үстінен түс қағаз жапсыруға;
- ақаулы ажыратқыштарды, розеткалар мен патрондарды қолдануға;
- электр шамдарын жанғыш материалдардан жасалған жапқыштармен жабуға;
- жылу реттегіші жоқ немесе ақаулы электр жылытқыш құралдарын пайдалануға тыйым салынады.