Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау

Бүгін аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды Шар қаласында өткізді. 

Қабылдау барысында қала тұрғындары тарапынан баспана мәселесі, жер, жарықтандыру, қоқыс полигонының жағдайы және  әлеуметтік мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, нақты жауаптары берілді.

Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер мен жолданған сауалдарды жан-жақты талқылап, әрбір өтініш-тілектер бойынша  жауапты мамандарға тапсырмалар жүктеді.