Тұрғындарға ақпарат

Тұрғындарға ақпарат

ШҚО ПД ӘПБ нұсқауын және «Әкімшілік айыппұлды өндіру тиімділігін арттырудың бірлескен әрекеттері бойынша ведомствоаралық жоспарының» 5-тармағын орындауда, сонымен қатар, әкімшілік қүқық бұзушылық бойынша шығарылған қаулыны уақытында орындау мақсатында, Жарма ауданында ағымдағы жылдың 01-07 маусым  аралығында сот орындаушылары өкілдерімен бірлесіп айыппұлдарды өндіру бойынша іс-шаралар өткізіледі.

Әкімшілік айыппұл төлемеген тұлғалардың ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес көліктері айыппұл тұрағына қамалуы немесе уақытша көлік жүргізу құқығына шектеу қойылуы мүмкін. Немесе әкімшілік айыппұлды ерікті түрде төлtмеген тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабына сәйкес жауапқа тартылып оларға қатысты бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуы немесе бес тәулік мерзімге дейін әкімшілік қамаққа қамалуы мүмкін.

ҚР ӘҚБтК-не сәйкес әкімшілік айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі айыппұл салынған күннен бастап отыз тәулік.

Құрметті тұрғындар, салынған айыппұлды уақытында төлеп, төленген түбіртекті Бабатайұлы көшесі 36 үйде орналасқан Жарма АПБ-нің  ӘПБ-нің инспекторына тапсыруларыңызды сұраймыз. Сұрақтар бойынша 8 775 376 70 63, 8 777 331 30 90 хабарласуыңызға болады.

Жарма АПБ ӘПБ әкімшілік тәжірибе инспекторы
полиция капитаны Е.Джазыбаев