Жарма аудандық мәслихатының кезекті ХLVІ сессиясы

Жарма аудандық мәслихатының кезекті ХLVІ сессиясы

2020 жылдың 29 мамырында Жарма ауданының әкімшілік ғимаратында кезекті ХLVІ сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудандық мәслихаттың 12 депутатының 9 депутаты қатысты.

Жоспарланған аудандық мәслихатының сессия отырысында келесі мәселелер қаралды:

2019 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы және Жарма ауданының салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы.

Гульфайрус Сакеновна Серикболова – «Жарма ауданының қаржы бөлімі» ММ-нің басшысы.

2019 жылғы Жарма аудандық бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы.        

Жарма ауданының дамыту бағдарламасын іске асыру туралы.

Назым Кубайдоллаевна Сейтказина – «Жарма ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің басшысы.        

Экономикалық реформалары, бюджет және қаржы мәселелері, кәсіпкерлік қызметті дамыту, аграрлық мәселелер, экология және табиғиресурстарды пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияның есебін бекіту туралы;

Аслан Мухтарханович Узбеханов – тұрақты комиссиясының төрағасы, №12 Шар сайлау округінің депутаты.

Халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет,азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау, ұлтаралық қатынастар жөніндегі тұрақты комиссия есебін бекіту туралы;

Какимжан Нургайланович Скаков – тұрақты комиссиясының төрағасы, № 8 Жаңғызтөбе сайлау округінің депутаты

Әртүрлі мәселелер:

Сессия отырысының қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер депутаттық корпусымен толық қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.