Кезекті әкімдік отырыс өтті  

Кезекті әкімдік отырыс өтті   

2020 жылдың 26 мамыр күні аудан әкімдігі ғимаратының үлкен залында күн тәртібіне сәйкес Жарма ауданы әкімдігінің кезекті отырысы өтті.

Отырысқа әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдері және бірінші басшылар қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес Шар қаласын және Қалбатау ауылын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының барысы туралы тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушы тасымалдау көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы М.Жансеитов баяндады.

Жарма ауданы бойынша 2020 жылы іске асырылатын құрылыс жұмыстар туралы сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Мукашев, Ақжал және Белтерек ауылдық округтеріндегі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуы туралыЖарма ауданыыні ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Матанов ақпарат берді. Аудан әкімі А.Нургожин Жарма ауданының жастар ресурстық орталығының директоры М.Рамазанға аудан жастарының белсенділігн арттыру мақсатында жұмыс жүргізуге тапсырма берді.