«Бала тентектігі»

 «Бала тентектігі»

«Бала тентектігі» деп аталатын оттан туындайтын өрттің пайызы үнемі жоғары және мұндай өрттердің салдары жиі қайғылы болып келеді. Балалардың қызығушылықтан пайда болатын отқа деген сүйіспеншілігінің және ересектерді еліктеу ниеттерінің қаншалықты жоғаы екені жұрттың бәріне белгілі. Көбінесе балалар сіріңкемен ойнайды, от жағады, факелдерді тұтатады және т.б. Осындай «ерліктерді» орындау үшін олар көбінесе ең қолайсыз орындарды: пәтерлерді, баспалдақ алаңдарын, жертөлелерді жиі таңдайды.

Балаға сіріңкемен ойнауға болмайтынын айту жеткіліксіз, оны бұған сендіру керек. Қауіп төндіретін от туралы бір-екі рет айтудың өзі аз. Сіріңкелер мен басқа от тұтатқыш заттарды, сондай-ақ, өрт қаупі бар өнімдерді, заттар мен материалдарды балалардың қолы жетпейтін жерге қойып, мүмкіндігінше, балаларды ұзақ уақыт бойы қараусыз қалдырмау қажет. Кез келген оқиға болған жағдайда қоңырау шалу керек болатын «101» өрт сөндіру қызметінің телефон нөмірін баланың білуі маңызды.

Тәжірибе көрсеткендей, білім беру мекемелерінде өткізілген өрт қауіпсіздігі саласындағы алдын алу жұмыстары отбасының қатысынсыз көбірек тиімді нәтиже бере алмайды. Сондықтан біз ата-аналарды және ата-әжелерді өз балаларына, немерелеріне көбірек көңіл бөлуге шақырамыз. Мүмкін болатын трагедияны болдырмау үшін біз бәріміз бірге өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтап, сондай-ақ мұны балаларымызға да үйретуіміз керек. Мектептің, отбасының және өрттердің профилактикасымен айналысатын мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің бірлекен әрекетінде ғана оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Балаларды үйде жалғыз қалдырған ата-аналар өз үйінің ішіне көз салып қарап, «Ересектер жоқтағы қауіпті ойындар» тақырыбын ойланып, қажетті сақтық шараларын қабылдаулары керек.

Жарма  ауданы ТЖБ