Тұрғын үй секторын аралау

Тұрғын үй секторын аралау

Жарма ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері ЖАО, жергілікті полиция қызметімен және еріктілермен бірлесіп, халықты өрт қауіпсіздігі ережелеріне оқытуға бағытталған жеке секторды аралауды жалғастыруда. Аудан тұрғындарына пешпен жылытуды орнату және пайдалану бойынша негізгі талаптар жеткізілді.

Жылыту кезеңінің басынан бастап 10 мыңнан астам тұрғын үй тексерілді, 19 мың адамды қамти отырып, пештерді, газ жабдығын, электрмен жылыту аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау туралы түбіртек-ұсыныстар мен жадынамалар таратылды.

Жеке сектор тұрғындарын оқыту өрттердің алдын алуда маңызды сәт болып табылады, сондықтан ТЖБ қызметкерлері жылыту кезеңінің соңына дейін осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады.

Жарма ауданы ТЖБ-і бұл аудандағы өрттермен болған жедел жағдайға әсер етіп, адам өмірлерін сақтайды деп үміттенеді.

Жылыту маусымында өрттің алдын алу үшін қарапайым ЕРЕЖЕЛЕРДІ сақтауыңызды сұраймыз:

- жылыту маусымы кезінде кемінде үш айда (жылыту пештері үшін) түтіндіктерді күйеден тазарту, жарықтарды саз-құм ерітіндісімен жағу, шатырдағы және төбеден жоғары түтін құбырын ағарту қажет;

- жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмау, сондай-ақ оларды қарауды жас балаларға тапсырмау қажет;

- балаларға отпен ойнаудың қауіпті екенін үнемі түсіндіріп отырыңыз. Оларға тұрмыстық жылыту құралдарын өз еркімен пайдалануға рұқсат бермеңіз, сіріңкелерді олар үшін қол жетпейтін жерлерге алып тастаңыз, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

- пештерді жағу үшін бензин, керосин, дизель отыны және басқа да тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды;

- отынның осы түрлеріне арналмаған пештерді көмірмен, кокспен, газбен жақпау;

- есігі ашық пештерді жақпау қажет;

- отынды, киімді және басқа да жанғыш заттар мен материалдарды пештерде және пештердің оттық саңылауларынан кемінде 0,5 м қашықтықта кептірмеңіз және қоймаңыз;

- желдету және газ арналарын мұржалар ретінде пайдаланбаңыз.

Өрт қауіпсіздігі ережелерінің осы қарапайым талаптарын орындау сізді күтпеген салдардан құтқарады және тұрғын үйдің әрбір иесі жылыту пештерін пайдалануда өте сақ болу керек. Өрт аяусыз. Сіз бұл туралы мүліктің, денсаулық пен өмірдің қауіпсіздігі үшін ұмыта алмайсыз.

 

Жарма ауданы ТЖБ-і