Мектеп ғимаратында жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Мектеп ғимаратында жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Аудандық бюджет қаражаты есебінен екінші жыл қатарынан Қалбатау ауылындағы Маяковский атындағы орта мектеп ғимаратын жөндеу жұмыстары жүзеге асуда. Аудан әкімі А.Нурғожин мердігер «ARGO 2009» ЖШС өкілдерімен кездесіп, жөндеу жұмыстарының барысын көрді. Аталған ғимаратта электр, жылу жүйелерін тарту жұмыстарын аяқталып, таяу күндері еден төсеніштерін төсеу, қабырғаларды тегістеу жұмыстары жүргізілмек Негізгі күрделі құрылыс жұмыстарын өткен жылы толықтай жүргізген мердігер, тамыз айының басында нысанды қолданысқа беруді көздеп отыр.