
Жарма ауданы ТЖБ қызметкерлерімен өрт қауіпті кезені және егіс науқаны кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, орман-дала өрттерін алдын алу және жою жөнінде үгіт-насихат жұмыстары өткізілуде.
Шөптесін өсімдіктерді, аңыз қалдықтарын, сабандарды өртеу жұмыстарын (бұдан әрі – ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмысы) ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының (шаруашылықтарының) басшылары мынадай өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып жүргізеді:
- ауыл шаруашылығындағы өрттеу жұмысын бастамас бұрын өз қызметкерлеріне, сондай-ақ осы іс-шараға қатысушыларға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы, өрт сөндіру тәсілдері туралы нұсқаулық беру ұйымдастырылады;
- ауыл шаруашылығындағы өрттеу жұмыстарын жүргізу уақытында жауапты адамдар тағайындалады;
- ауыл шаруашылығындағы өрттеу жұмыстарын орман алқаптарына іргелес учаскелерде жүргізген жағдайда, жұмыстарды жүргізгенге дейін бір тәулік бұрын орман иелеріне хабарланады;
- ауыл шаруашылығы өрттеу жұмыстарын жүргізу орындарында әр өрт сөндіру автоцистернасы немесе бейімделген техника, бір соқалы трактор, өрт сөндіргіштер, күректер есебінен өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған патрульдік бекеттер қойылады;
- жұмыстар жүргізу алдында ауыл шаруашылығындағы өрттеу жұмысының аумағы ені кемінде 8 метр жолақпен жыртылады және ауданы 25 гектардан аспайтын учаскелерге бөлінеді;
- орман алқаптары, орман белгілері, егістікті қорғау жолақтары мен егістіктердің өрттейтін учаскелеріне іргелес көгалдандырушы екпе ағаштар кемінде 8 метр етіп жыртылады;
- ауыл шаруашылығындағы өрттеу жұмыстары желдің әсері 3 балдан аспайтын (секундына 5 метр) болғанда, жыртылған учаскелерде жауапты адамдар мен жұмыскерлердің бақылауымен жүргізіледі;
- жалынның тез таралуын болдырмау мақсатында ауыл шаруашылығындағы өрттеу желдің ық жағынан басталады;
- ауыл шаруашылығындағы өрттеу жұмысы аяқталғаннан кейін өртелген аумақтың периметрін мұқият тексеру, барлық бықсу орындары мен жану ошақтарын анықтау және жою, ықтимал қайта жанудың алдын алу үшін 3 сағат ішінде күзет қою қамтамасыз етіледі.
Жарма ауданы ТЖБ-і