Құрғақ шөп пен қоқыстың жануы қауіпті

Құрғақ шөп пен қоқыстың жануы қауіпті

Көктемгі-жазғы өрт қауіпті кезеңде ашық аумақтарда құрғақ шөптің, қамыстың, қоқыстың жануы ерекше мәселелердің бірі болып табылады. Құрғақ шөптен көбінесе шаруашылық құрылыстары, саяжай үйлері, тұрғын үйлер жанып кей жағдайларда адамдар қаза болады.

Құрғақ шөптің жануынан өрттің негізгі мөлшері сәуір-мамыр айларында ұлғаяды. Далаға жағылған от, жапырақтан құрғақ төсенішке тасталған жанып жатқан сіріңке немесе темекі өртті апатты тудыруы мүмкін. Құрғақ шөптің қаупі – ол кез келген ұшқыннан лап етуі мүмкін. Өрт тез арада пайда болады және 5 км/сағ жылдамдықпен құрғақ өсімдіктері бар ашық учаскелерде таралады.

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі құрғақ шөптің жануы – басқарылмайтын процесс екенін еске салады. Өрт тұрғын үйлерге, саяжайға және басқа да құрылыстарға тез таралып кетуі мүмкін, ал жану өнімдері адамдардың денсаулығына теріс әсерін тигізеді. Кейде санасыз азаматтар зардабы туралы ойланбастан кез келген жерге сіріңке мен темекі қалдықтары лақтырып жібереді, соның салдарынан тұтас ауыл шаруашылығы жанып кетеді.

Шөпті егістіктігімен күресудің жалғыз тиімді тәсілі ол қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін орындауды талап ететін, олардың алдын алуы болып табылады. Өртті болдырмау үшін келесі ұсынымдарды сақтау керек:

- құдық болмаған жағдайда әрбір учаскеде су құйылған бөшкелер немесе басқа да ыдыстар болуы тиіс. Оларды үнемі толықтырыңыз.

- өткен жылғы шөптің жануын күтпей уақытылы шабу. Бақша учаскесінде 4 кг-нан 2 ұнтақты өрт сөндіргішінің бар болуы ең қолайлы тәсіл. Шабылған шөптерді, қоқыстарды тікелей учаскеде өртемеңіз.

Бұл үшін құрылыстан, қоршаудан алысырақ орналасқан металл сыйымдылығын пайдаланған дұрыс. Ауа райы желсіз болуы керек.

Есіңізде болсын, құрғақ шөп пен қоқысты өртеп, сіз өзіңіз бен айналадағылардың денсаулығына зиян келтіресіз, табиғи байлықтар мен материалдық құндылықтарды жоюға себепті боласыз. Тек шөп жанып қана қоймай – біз өмір сүріп жатқан үйіміз жанып кетеді.

Жарма ауданы ТЖБ-і