Су құбырының құрылысы басталды

Су құбырының құрылысы басталды

2020 жылдың 13 мамыр күні  аудан әкімі А.Нургожин жұмыс сапарымен Қапай Батыр ауылындағы қарқын алған сумен жабдықтау желілері құрылысы барысымен танысып, құрылыс басында ауыл тұрғындарымен кездесті.

Жалпы құны 280 млн. теңгенің құрайтын жоба арқылы  ауылдың 106 үйі ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Мердігер «KAZFROFSTROY HOLDING» ЖШС басшылығы құрылыс жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтап, қыркүйек айында қолданысқа беруді көздеп отыр.