Жаз мезгіліндегі судағы жүріс-тұрыс қағидасы

Жаз мезгіліндегі судағы жүріс-тұрыс қағидасы

Жаз- көбінесебіздіңбалаларүшін, алаңсыздық пен көңіл-күйдің кезі. Ата-аналарға шамадан тыс ұқыпты болу керек. Демалыс орындарда неше түрлі қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан барлық ата-аналарға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіз ережелермен танысып, оны балаларға да айтқан жөн.

Сөз мектепке дейінгі балалардың жазғы қауіпсіздігі ғана емес, көптеген орта және үлкен сыныптағы оқушыларда демалыс кезінде қателіктер жіберіп, денсаулығына зиан әкеліп жатады.
Жаздағы судағы қауіпсіздік.

Көптеген отбасы жаздың ыстық кезеңдерін су жағасында өткізгенді қалайды. Үлкендер мен кішілерде қуана суғат үсіп, таза ауамен демалып, күнге қыздырынады. Бірақта су қауіпті болуы мүмкін. Сондықтанда демалыс орнына барар алдында келесі ережелермен танысқан жөн:
-Баларға Сіздің қарауынсыз суға шомылуға рұқсат етпеңіз, әсіресе үрлемелі матрастар немесе үрлемелі доңғалақтармен;
- Суға тек күртеше немесе жеңге киетін құтқару құралдарымен ғана жіберіңіз;
- Судың астына тығылатын немесе бір-бірін тұншықтыратын ойындарды ойнауға рұқсат етпеңіздер. Бұндай ойындардың арты қайғылы душарға алып келеді;
-Шомылу белгілерінен және таныс емес жерде сүңгуге рұқсат етпеңіздер, ол жерде көбінесе тастармен ағаш қалдықтары жарақатқа әкеледі;
- Суық тимес үшін баланың суда жүру уақытын қадағалаңыз;
- Күн сәулесінен күйіп қалмау үшін баланың денесін арнайы күннен қорғау құралын жағыңыз.

Құрметтіата-аналар, мұғалімдер, балаларды сауықтандыру лагерлерінің басшылары!

Балаларды қатаң бақылаңыздар, оларды үлкендердің бақылауынсыз қалдырмаңыздар. Балаларға тек арнайы жабдықталған орындар мен жерлерде үлкендердің қадағалауымен ғана шомылуға рұсқат етіңіздер. Балаларға үрлемелі матрастармен, камералармен, тақтайлармен, үрлемелі ойыншықтармен жүзуге қатаң тиым салынады. Оларды жағадан жел немесе ағын алысқа алып кетуі мүмкін, ал бұл көмек көрсетуге қиындық туғызады.