
2020 жылдың 11 мамыр күні Шалабай ауылдық округінде Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған ауыл тұрғындары арасында әскери-патриоттық әндерді үздік орындауға арналған қашықтық байқау қорытындысы шығарылды. Байқау 18 сәуірден бастап облыстық мәслихат депутаты, «Шалабай» ЖШС-нің бас директоры Қ. Сүлейменовтың бастамасымен және «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС-нің қолдауымен өткізілді.
Байқауға ауыл тұрғындары белсене қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша келесі нәтижелер шығарылды:
30.000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық-К. Тулекпаева және З. Кыныбаева
I- «Үздік дуэт» номинациясы бойынша Садыковтар отбасы;
II- «Шалабай ауылының Шығармашылық отбасы» номинациясында Нұралиновтар отбасы;
"Әскери-патриоттық ән"номинациясы бойынша Н.Құрманғалиев;
III- «Шалабай ауылының алтын дауысы» номинациясы бойынша
Н. Тоқтағанов жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.