
2020 жылдың 7 мамыр күні Жарма ауданының әкімі А.Нургожин Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай тылда еңбек етіп, ауданның әлеуметтік, экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар тыл ардагерлерін мерекемен құттықтады. Олардың қатарында, Қалбатау ауылының тұрғыны Татьяна Вакулина, Жаңаөзен ауылының тұрғыны Балқия Нұғұманова және Шар қаласының тұрғыны Мұсатай Иманғалиев.
Аудан әкімі А.Нургожин «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің құттықтауын жеткізіп, партия бастамасымен жүзеге асып жатқан «Біз біргеміз» акциясы аясында азық-түлік жиынтығын табыс етті.
Бүгінгі таңда Жарма ауданында 1Ұлы Отан соғысы және 337 тыл ардагері бар.