Тұрғын үй учаскілеріндегі өрт қауіпсіздігінің ережелері

Тұрғын үй учаскілеріндегі өрт қауіпсіздігінің ережелері

Өрт қауіпті кезеңнен басталуымен, Жарма ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрғын үй аулаларында рейдтік іс-шаралар  өткізуде. Рейдтік іс-шаралар барасында құрғақ шөппен қоқысты жаққан кезде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 2014 жылғы 05 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің  336-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылғандығы туралы ескертілді.

Сол себептен, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.

- құрғақ шөпті жағуға;

- учаскілерде қалдықтарды және қоқысты қалауға;

- тұқыл және сіріңкені өшірмей тастауға;

- жанатын ыдысты күннің көзіне тастауға;

- алау жағуға, қоқыстарды, қалдықтарды, ыдыстарды жағуға тыйым салынады.

Өрт туындаған кезде «101» немесе «112» - ге шұғыл қоңырау шалыңыз.

Жарма ауданы ТЖБ-і