Күре жолдар құрылысымен танысты

Күре жолдар құрылысымен танысты

Кеше Шығыс Қазақстан облысына арнайы жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов келіп, облыс аумағындағы күре жолдардың құрылыс барысына ерекше мән берді. Министр бүгін аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлы Ахметовпен бірге ауданымыздағы Қалбатау-Өскемен және Қалбатау-Майқапшағай жол бөлігіне жасалып жатқан күрделі жөндеу жұмыстары барысымен танысты.