
Жаз айларында балалардың қараусыз қалғанынан өрт жағдайы көп тіркеледі. Ата-ананың қарауынсыз қалған бала сіріңкемен ойнап, соңы қайғылы оқиғаға әкеліп жатады.
Табиғат аясына шыққанда балаларды ата-ана қарауынсыз қалдыруға болмайды. Ең бастысы осы. Өйткені қараусыз қалған бала неше түрлі апатты жағдайға ұшырауы мүмкін. Оның ішінде су да, өрт те бар. Табиғат аясында, таулы жерлерде жануарлар да болады. Үлкендерге айтатынымыз: балаларды көзден таса қалдырмай, қараусыз қалдырмау. Суға түсе алмайтын балалар болса, міндетті түрде құтқару кеудешесін киіп суға шомылу қажет. Терең жерлерде суға шомылуға болмайды, су суық болса, көп шомылуға болмайды.
Осы орайда ата-аналарға балаларды жалғыз қалдырмауға кеңес береміз. Егер қарайтын адам болмаса немесе амалсыздан үйде тастап кетуге мәжбүр болса, онда балаларға қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтауды үйрету керек.
Үйде жалғыз қалған уақытта өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек. Ол дегеніміз – ата-ананың үйдегі электр сымдарын жарамды күйде ұстау. Одан кейін балалар өшіріп, қосып, ауыр тоқ тартатын техника мен жабдықты қоспауы керек. Сіріңкемен ойнағаннан абайсызда өрт шығады. Байқаусызда шөпті, үйдің ішіндегі затты өртеп жіберуі мүмкін. Ата-анасы баласын сыртынан жауып, кетіп қалған жағдайлар болған. Іште жалғыз қалған бала сіріңкемен ойнап, өрт шығып, үйден шыға алмай қалады.
Ең алдымен от жағатын жерді алдын ала дайындап алу қажет. Жоғарғы жағында ағаш, жан-жағында шөп болмауы керек. Шөптер болса, тазалап, күрекпен жан-жағын айналдырып, қазып шығу қажет.
Алшақ, ашық жерде арнайы орын дайындап алу керек. Барлық жұмыстар біткен кезде отты міндетті түрде сумен өшіріп кетуді ұмытпаңыздар. Өйткені жел соқса, от шоқтары ұшып, дала, орман өрттері пайда болуы мүмкін. Табиғат аясына шыққаннан кейін қоқыстарды міндетті түрде жинап, өзімен бірге алып кеткен дұрыс. Себебі шыны бөтелкесіне күн сәулесі түскеннен кейін ол қызып, шоқ пайда болады. Сол себептен барлық қоқысты жинап кеткен абзал.
Суға шомылу маусымын көпшілік асыға күтетіні белгілі. Өйткені суға түсу демалыс қана емес, денені шынықтырудың жақсы құралы ретінде де қызмет етеді. Бірақ немқұрайлылық, абайсыздық, судағы шамадан тыс еркелік соңы қайғылы оқиғаға әкеледі.
Қарапайым қауіпсіздік шарасын сақтамау салдарынан жыл сайын мыңдаған адам қайтыс болады.
Ең бастысы демалысты жоспарлаған жөн. Қайда барып шомыласыз, кіммен барасыз дегендей. Мысалы өзіміз бала-шағамен демалысқа шықсақ, балаларға бас-көз болатын арнайы адамның болуын қадағалаймыз. Көп жағдайларда табиғат аясына, су жағасына шығамыз. Әсіресе демалушы су жағасына қарай ұмтылатыны жасырын емес. Суға түседі, демалады. Ересектер жағы ішімдік ішетіні бар. Осындай жағдайларда су жағасында ойнап жүрген балалар қараусыз қалады. Суға батып кетеді, бір-бірін тұншықтырады, ойнайды. Үлкендер демалатын болса, балаларсыз барған жөн. Немесе балалар барған жағдайда балаға қарайтын арнайы адамның болғаны дұрыс.
Барлық ағын суларда суға түсуге тыйым салынған. Яғни суға түсуге мүлдем болмайды. Қолымыздан келетіні – алдын ала ескерту жасап, сақтық шараларын ұстануға шақыру. Кейбір қалаларда суға түсуге арналған арнайы орын бар. Сол жерге суға түсуге кеңес береміз. Ол жерде ересектерге, балаларға арналған арнайы орындар жасақталған. Балалар суға түсетін жағында құтқарушы әрдайым бақылап отырады. Құтқару құрал-жабдықтарымен жабдықталған арнайы орындарға барған абзал. Бұрын барып көрмеген, білмейтін жерге суға шомылуға барғанда ересек адам суға бірінші кіргені дұрыс. Осылайша суға түсуге бола ма, болмай ма, су асты таза таза емес пе, соны көріп тексеріп шығады екен.
Суға түсудің де өз тәртібі бар. Бірінші, белден келетін жерге суға кіріп, денені үйретіп алған дұрыс. Қандай ыстық болса да, су қандай жылы болса да денені суға үйретіп алған жөн. Ол үшін белге дейін ғана кіреміз, аяғымыз суға үйренген соң, денемізбен ақырындап суға ене бастаймыз. Содан кейін қолмен суды денемізге шашып, мойынға дейін отырамыз. Ыңғайы келсе сүңгіп аламыз. Белден келетін жерге сүңгіп, содан кейін барып шомылған дұрыс.
Құтқарушының пікірінше, дене қызып тұрғанымен, су кішкене салқындау болады. Суға секіргеннен кейін организм соққы алып, аяқ-қол тартылады. Сондықтан қандай жағдай болмасын денені үйретіп алған жөн.
Одан бөлек: