Жарма ауданы бойынша Қарасу ауылдық округіне сайланған әкімді тіркеу туралы хабарлама

Жарма ауданы бойынша Қарасу ауылдық округіне сайланған әкімді тіркеу туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде, Жарма аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қарасу ауылдық округінің әкімі ретінде Кіші Қарасу ауылының тұрғыны, 1979 жылы туған, қазақ, Асқарбек Құмарбекұлы Кныбаевтың тіркелгенін хабарлайды.

Жарма аудандық аумақтық сайлау комиссиясы