Өрттің алдын алуға бола ма?

Өрттің алдын алуға бола ма?

Өрт барлық адамға қауіп төндіреді. Алайда, үлкендер өрт кезінде тыныштық сақтайды. Балалардан айырмашылығы, қажетті әрекеттерді жасайды. Бала бірден үрейленіп, не істеу керегін және қайда жүгіру керегін түсінбейді. Бала деген барлық нәрсеге қызығады. Қолмен ұстап көргісі келеді. Қызығушылықтың соңы ерте ме, кеш пе, отпен ойнауға жетелейді. Сол үшін бала кезінен бастап,  ашық отпен қалай жұмыс істеу керегін түсіндіру керек. Өрттің себептері, оның салдары мен өрт кезінде өзін-өзі қалай ұстайтынын түсіндірген дұрыс.

Балаға телефонды қалай қосатынын көрсетіңіз. Қажет болса, өрт сөндіру бөлімінің нөмірін жатқа білсін. Көп қабатты үйде түтін датчиктерін орнатуға болады. Бірақ батареясын жиі ауыстыру керек. Түтін датчиктері көп жағдайда өрттің алдын алады екен. Балаларға сіріңке, отшашу мен жанатын заттармен ойнауға болмайтынын түсіндіріңіз. Мұндай заттарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

Ойыншық ретінде оттық алмаңыз. Балалар арасында өртке себеп болады. Отқа жақсы жанатын жанармай, спирт сияқты сұйықтық бар екенін айтыңыз. Сондай-ақ өрт сөндіру қызметімен ойнауға болмайтынын ескертіңіз. Егер өзен жағасында батып бара жатқан күннің жарқылын қателесіп жалын деп, өрт сөндірушіні шақырса, жағдай түсінікті. Ал әдейі қоңырау шақыратындар заң алдында жауап береді. Өйткені, арнайы техника жолға шығады. Кірме жолдар жабылып, қалалық көлік рейстері тоқтайды. Сол уақытта Жедел жәрдемге мұқтаж адамдар болуы мүмкін. Жалған қоңырау шалғандарды жазасыз қалдыру мүмкін емес...