Назар аударыңыз – өрт қауіпті кезең!

Назар аударыңыз – өрт қауіпті кезең!

Көктем-жаз уақыттарында ауылдық елді мекендерде, орман, саябақ аймақтарында, ауыл шаруашылығы алқаптарында, үй жанындағы учаскелерде құрғақ шөптің, қоқыстың жануына байланысты өрттердің саны күрт өседі.

Өрттің басым бөлігі бақыланбайтын ауыл шаруашылығы өрттерінің салдарынан (өткен жылғы шөп пен сабанды өртеу), ормандар балықшылар мен аңшылардың отқа салғырт қарауынан да өршиді. Бұл бау-бақша учаскелерін жинаумен (және соның салдарынан қоқыс пен шөптерді өртеу) және халықтың табиғатқа жаппай шығуымен (от жағу, темекі шегу және т.б.) байланысты.

Жиі бұл ауыр зардаптарға әкеледі. Өрт дала алқаптарына, шаруашылық құрылыстарға, тұрғын үй және басқада құрылыстарға ауысады. Желдің екпіні арқылы шөп оқ-дәрісі секілді жанып санаулы секунд арасында ағаш құрылысқа түсіп ол бірден жанады. Сонымен қатар түтін мен бірге көмірқышқыл газы, көміртек тотығы газы, азот тотығы сияқты , өртпен өте көп мөлшерде қауіпті ластауыштар атмосфераға ұшады. Түтіннен қала тұрғындары мен ауылдық елді мекендер зардап шегеді. Сонымен қатар, осындай өрттерді сөндіруге үлкен қаражат жұмсалады.

Осындай кезеңде тұрғындардың тағы бір" өрт қауіпті санаты " бау-бақшалар мен жеке сектордың тұрғындары болып табылады. Орман-саябақ аймағына тікелей жанасатын жер алқаптары мен бау-бақша учаскелерінде көктем бойынша құрғақ шөп пен жапырақтарды өртеу жыл сайын табиғатқа үлкен залал келтіреді.

Осыған байланысты, Жарма ауданы ТЖБ-нің қызметкерлері сіздерді көктемгі-жазғы өрт қауіпті кезеңде аса сақ болуға шақырады.

Ыстық, құрғақ ауа райы жағдайында жеке секторда, кәсіпорындарда өрт қаупі бар жұмыстарды жүргізуді, қатты отынмен жұмыс істейтін пештерді, ас үй ошақтарын және қазандық қондырғыларын оттықтауды өрт қауіпті кезең жағдайы жақсартқанға дейін уақытша тоқтату керек. Осы кезеңде табиғи аумақтарға өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау қажет.

Жарма ауданы ТЖБ-нің қызметкерлері барлық ведомстволық және мүдделі қызметтер, сондай-ақ халықтың бірлескен күш-жігерімен көктемгі-жазғы өрт қауіпті кезеңде төтенше жағдайларға жол берілмейді деп үміттенеді.

Жарма ауданы ТЖБ-і