Көктемгі өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері

Көктемгі өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері

Көктемгі өрт қауіпті кезеңнің басталуы құрғақ шөптердің жаппай жануына байланысты өрттердің күрт өсуі байқалады. Бау-бақша, тұрғын үйлерінің аумағында құрғақ шөптерді, қоқысты өртеу кезінде отты абайсыз, немқұрайлы қолдану салдарынан қайғы-қасіретке алып келеді. Шөптерді бақылаусыз жағудан құрылыстар, тұрғын үйлер, саяжайлар жойылады.

Жарма ауданы ТЖБ-і және Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері өрт қауіпті кезеңдегі тұрғын үйлердегі, саяжайлардағы өртті болдырмау үшін орындалуы қажет өрт қауіпсіздігі шаралары туралы ескертеді:

- өз жеке үйіңізді, бау-бақша учаскесін және оған іргелес аумақты қоқыстан және құрғақ шөптерден уақытылы тазалаңыз;

- елді мекендер маңында, сондай-ақ автокөлік жолдары, электр беру желілері мен газ құбырлары бойында өткен жылғы құрғақ шөптерді өртеуге жол бермеңіз;

- ғимараттар мен құрылыстар арасындағы өртке қарсы қашықтықта материалдарды, жабдықтарды жинауға жол бермеңіз;

- елді мекендер мен саяжай учаскелерінің аумақтарында жанғыш қалдықтар төгетін жерлерді орнатпаңыз;

- саяжай және тұрғын үйлерге жолдардың, өтпе жолдардың жабылуына жол бермеңіз, себебі өрт шыққан жағдайда өрт сөндіру автокөліктерінің өтуіне кедергі болады;

- балаларды қараусыз қалдырмаңыз, оларға отпен ойнауға рұқсат бермеңіз;

- жанып жатқан сіріңке мен темекі қалдығын, соның ішінде қиысқазба мен автокөлік жолдарына тастамаңыз.

Тұрғын үйлердегі өрттердің алдын алу мақсатында тұрғын үйлерге жақын құрғақ шөптерді жинау, электр сымдарын, қорғау автоматтары мен газ шаруашылығын тексеру, әр үйдің жанына су құйылған сыйымдылықты, өртке қарсы құрал-саймандарды (Шелек, күрек, багор (ілгекті құрал), баспалдақ) орнату және өрт сөндіргіш сатып алу қажет. Аулалық құрылыстарды салу кезінде өртке қарсы қашықтықтарды (қажетті қашықтықтарды) сақтаңыз.

Егер сіз құрғақ шөптер мен дала өртінің ошағына тап болсаңыз, маңындағы адамдардың барлығына дереу ескертіңіз, болған жағдай туралы өрт сөндіру қызметіне «101» телефоны немесе «101» ұялы телефоны арқылы хабарлаңыз, қолда бар құралдардың көмегімен аздаған төменгі өрттерді сөндіруге шара қолданыңыз.

Отпен абай болыңыз! Өз өміріңізді сақтаңыздар! Онын қисынсыз қатеріне ұшырамаңыз!

Жарма ауданы ТЖБ-і