
Өкінішке орай, соңғы уақытта балалармен байланысты қайғылы оқиғалардың арттып отырғанын байқаймыз. Бірнеше секундқа болсын үлкендердің қарауынсыз қалған кішкентай бала терезеден құлап, өмірін қиюы мүмкін. Оған себеп – үлкендердің балаларды назардан тыс қалдыруы! Әсіресе, бұл аталмыш қайғылы оқиғалар көктем және жаз мезгілдерінде ыссылықтан құтылуға тырысатын адамдар терезелерді кеңінен ашқан кездерінде кеңінен орын алады. Ата-аналар бұл ісімен қауіпті сезінбейді және әлемді өз үйінен тыс зерттеуге дайын балаларын «тәуекел факторына» әкеліп соқтырады.
Балалардың қаза болуының белгіленген негізгі себептері ата-аналардың немқұрайлылығы мен жауапсыздығы, ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың абайсыздығы болып табылады. Егер сіз қауіпсіздік жүйесін алдын-ала ойласаңыз, қайғылы жағдайдың алдын алуға болады.
Құрметті ата-аналар! Терезелерді ашық қалдырмаңыз, терезе торларын тиісті терезе қорғауынсыз пайдаланбаңыз, өйткені бала алдағы әлдебір кедергілерді көріп, оған сенімді түрде сүйенеді және салмағы тіпті бір жастағы баланы көтеруге есептелмеген терезе торымен бірге түсіп кетуі мүмкін, бала терезе жақтауына шықпас үшін жиһазды терезеге жақын қоймаңыз, әсіресе есіктер мен терезенің жанында ойнап жүрген балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыз, терезеге жақын орналасқан төсек немесе басқа да жиһаздан балаларды секіртпеңіз деп ескертті. Балалар қоғамымыздың ең осал бөлігі болып табылады, ол кез келген қауіптен қорғалуы тиіс.
Жарма ауданы ТЖБ-і