«Қазақстан десе жасыл желекті орманы мен тоғайы, тылсым табиғаты мен сарқырап ағып жатқан

«Қазақстан десе жасыл желекті орманы мен тоғайы, тылсым табиғаты мен сарқырап ағып жатқан

«Қазақстан десе жасыл желекті орманы мен тоғайы, тылсым табиғаты мен сарқырап ағып жатқан өзендері көз алдыңа елестейді» дейді шетелден келген ағайындар. Рас, елімізде орман алқаптарының көлемі жеткілікті. Оларды қаз-қалпында сақтап, орман аумағын кеңейту, табиғи апаттар, тілсіз жау мен қоршаған ортаны ластаушыларға тосқауыл қою – бүгінгі күннің басты талабы.

Орманға қауіп өрттен келеді. Орман өрті көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күз айларында болады. Оның негізгі себебі – ауыл шаруашылығы қалдықтарын өртеуінен, орман қоры жеріне келген демалушылардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауынан туындайды. Орман өрті ағаш қорын азайтумен қатар, оның өсуін де тежейді. Жалын шарпыған ағаш қурайды, жел, дауылда сынғыш келеді. Сондықтан өрт қауіпсіздігіне қатысты үгіт-насихат жұмыстарын тек өрт сөндіру қызметкерлері ғана емес, қоғамдық мекемелер де бірге жүргізуі тиіс.

Бір тал шырпы Табиғат-ананы қызыл жалынға орап, әп-сәтте күлге айналдырады. Өрттен келетін шығынның орнын толтырып, бір-екі жылда жасыл желекті қалыпқа келтіру өте қиын шаруа, тіпті мүмкін емес десе де болады. Себебі, жыңғыл, қарағаш, жиде, қараталды аз ғана уақыт ішінде орнына келтіріп, оны қайта көгалдандыруға айрықша күш жұмсалады. Сондықтан демалыс аймағына келіп демалушылар мен қала тұрғындарына орманды қандай да бір қауіп-қатерден сақтап қалу ең алдымен өз қолымызда екендігін ескертеміз. Орманды өрттен сақтау – әрбір азаматтың міндеті һәм парызы. Сондықтан өңір жұртшылығын табиғатқа жанашырлықпен қарап, барынша өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырамыз.

Жарма ауданы ТЖБ-і