«Мерейлі отбасы» конкурсы туралы хабарландыру

«Мерейлі отбасы» конкурсы туралы хабарландыру

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Өнегелі құндылықтарды жаңғырту және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін тарату, отбасы мәртебесін арттыру мақсатындам жыл сайын  «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі .

Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады.

Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді қатысады (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі.

Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін  мүшелері бар,  бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.

Конкурс екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші – облыстық деңгейде.

Конкурсқа қатысуға өтінімҮкіметтің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысымен бекітілген қағидаларына қоса берілген нысан бойынша аудандық комиссияға15 мамыр мен 15 маусым аралықтарында беріледі.

Өтінімге қағаз немесе электрондық нұсқада төмендегі құжаттар қоса беріледі:

1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;

4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

7) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;

Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған үміткерлер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Аудандық комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

Конкурс туралы қосымша анықтамаларды аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінен 872347/61816 телефоны бойынша алуға болады.