«Қайырымдылық – адамгершіліктің белгісі»

«Қайырымдылық – адамгершіліктің белгісі»

Үшбиік ауылындағы Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің ұжымы мен түлектері ауылдағы тұрмысы төмен отбасы мен әлеуметтік аз қамтылған отбасы мүшелеріне көмек қолын созып, қайырымдылық шараларын ұйымдастырды.
"Біз біргеміз!" акциясы аясында еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қашықтан оқу кезіндегі электрондық ресурстың аз болуымен шектеліп жатқан аз қамтылған отбасылардан шыққан 10 оқушыға смартфондар сыйға тартылып, ұялы байланыстарына бірліктер құйып тарифтерін қосқан. Сонымен қатар ауылдағы әлеуметтік әлсіз 13 отбасылар азық-түлікпен қамтамасыз етілді.
Ақтайлақ би орта мектебінің ұжымы осы қайырымдылыққа мұрындық болған мектеп түлектеріне алғыстарын білдірді.