Өрт профилактикасы жаңа тәсілдер

Өрт профилактикасы жаңа тәсілдер

Аудан аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында Жарма ауданының облысының Төтенше жағдайлар бөлімі Өрттің алдын алу тәсілдерін өзгертті.
Өрттің алдын алу бойынша алдын алудың негізгі нысаны халықпен тікелей байланыс болып табылатынын ескере отырып, алайда коронавирус пандемиясына байланысты республика бойынша аулаларды аралау, баспа өнімдерін тарату және объектілерге тексеру жүргізу тоқтатылды.
Осыған байланысты өрттердің ең көп саны тұрғын үй секторында, жылыту маусымы кезеңінде (қыркүйек-сәуір), сондай-ақ өрт қауіпті маусымда (сәуір-қазан) болатынын назарға ала отырып, Жарма ауданы ТЖБ-і бұқаралық ақпарат құралдарында үгіт-түсіндіру жұмыстарын күшейтіп отыр. Ағымдағы жылғы 16 наурыздан бастап баспа басылымдары арқылы және интернет-ресурстарда өртке қарсы тақырыптағы жұмыстар күшейтіле түсті. Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі ережелерін таратумен Қалбатау ауылының ішінде автомобильдерде сигналдық дауыс зорайтқыш қондырғысын қолдану арқылы профилактикалық жұмыс жүргізілді.
Халыққа өрт қауіпсізідк ережелері туралы нұсқамалар «WhatsApp» чаттарында таратылуда және де «Іnstagram» парақшасы арқылы құлақтандыру жүргізілуде.
Жарма ауданының тұрғындарынан, бұқаралық ақпарат құралдарында орналасқан өрт қауіпсіздігі ережелерін таныстыруды және сақтауды, балалармен өрт қауіпсіздігі ережелерін зерделеу бойынша жұмыс жүргізуді сұраймыз.

Жарма ауданы ТЖБ-і