Өрт қауіпті кезең

Өрт қауіпті кезең

Ағымдағы жылы Жарма ауданында өрт қауіпті кезең 5 сәуірде басталды.
Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 2 дала алқаптарының жануы тіркелді, жалпы жану алаңы 70 гектарды құрады. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12 дала тұтануы, 148 Га құрады.
Мәселен, 05 сәуірде Жарма ауданында 35 га жалпы алаңда құрғақ шөп жанды. Тұтануды сөндіруге №32 ӨСБ-і, жергілікті атқарушы органдар 20 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды. Тұтану 06 сәуір күні сағат 06:30-де оқшауланды. Зардап шеккендер мен шығын жоқ. Тұтанудың болжанған себебі халықтың ашық отты қолданған кезде байқаусыздан болған.
Екінші дала тұтануы 06 сәуір күні, ашық аумақта шамамен жалпы ауданы 35 га құрғақ шөп өртенді. Тұтану сағат 19:31-те оқшауланды. Зардап шеккендер мен шығын жоқ. Тұтанудың болжанған себебі халықтың ашық отты қолданған кезде байқаусыздан болған.
Табиғи өрттер мен тұтанулырдың пайда болуының негізгі себептері: сөндірілмеген темекі, от, жанып жатқан сіріңке, атудан кейін бықсыған шаң, майлы шүберек немесе шүберек, шыны бөтелке, күн сәулесінің сынуы, көлік құралының сөндіргішінен ұшқын, құрғақ ескі шөпті жағу, найзағай разрядтары (найзағайлар).
Сол себептен Жарма ауданы ТЖБ-і ескертеді, Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылғандығы туралы.
Жарма ауданы ТЖБ-і