101 ескертеді        

101 ескертеді         

Биылғы жылы көктем шыға ауылымызда таза жұма және сенбіліктер өтіп жатыр. Сондықтан ауыл тұрғындары өз ауласын тазартып, қоқыстарды шығаруда. Өкінішке орай кей жерлерде аулаға жиналған қоқысты, қыстан қалған ескі шөпті жағу, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамай өрттің шығуына әкеп соғатын іс-қимылдарға бәрі мән бере бермейді. Сондықтан ауыл тұрғындарына, қоқсықты жаққанда өрт қауіпсіздік шараларын сақтамау үлкен өрттерге және зор шығындарға әкелетінін тағы да ескертеміз.

Жарма ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі