
Жарма ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен Жарма ауданы Қалбатау ауылындағы адамдар көп жиналатын үлкен «Дана» сауда орталығында және «Айкөркем» сауда үйінде, сондай-ақ Қалбатау ауылының сенбілік жүргізіліп жатқан орталық алаңында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ұсыныс түбіртектері таратылды. Тұрғындарға тұрмыстық қалдықтарды, шөп үйінділерін жағуға тыйым салынатыны ескертілді. Осы ескертуді сақтамаған жағдайда жеке тұлғаларға 20 АЕК түрінде айыппұл салынатыны, айыппұл соммасы 69 000 теңгені құрайтыны түсіндірілді.