
Өрттің пайда болуы үлкен шығындарға алып келеді. Өрттің соңы жаманшылықпен ғана аяқталуы мүмкін. Өрт қауіпсіздік ережесін сақтамау, ол өз-өзіңді құрбанға жіберумен бірдей десе де болады. Біреулер жанып жатқан пешті мүлдем қараусыз қалдырып, біреулер жұмысқа электрқұрылғыларын қосулы қалдырып кетіп жатады, ал біреулер балаларын қараусыз қалдырады. Оларға не істеу керектеріне ерік беріп жатқандары да бар. Осылай немқұрайлы қараған жандардың дүние-мүліктері, салынған құрылыстары, ал тіптен жақындары өрттен қаза болып та жатады.
Өрттің тұрғын үйлерде өсіп, өршуі үлкен ойға, қайғыға әкеледі. Көбінесе өрттің пайда болуы өрт қауіпсіздік ережесін сақтамағаннан болады.
Сондықтан, электр тоқтарының, жылыту пештерінің дұрыс жұмыс жасап тұрғанына көз жеткізу керек. Бұл жеке өміріңізді және дүние мүлкіңізді сақтап қалуға әсер етеді.
Жарма ауданының ТЖБ-і