Мамандық таңдау!

Мамандық таңдау!

Құрметті ата-аналар! Біз Жарма ауданы ТЖ бөлімінің азаматтық қорғау қызметкерлері Сіздерге бүгінгі таңда Сіздің балаңыздың болашақ мамандығы туралы ойлануға кеңес береміз!
Азаматтық қорғау қызметі қазіргі уақытта ең асыл, жауапты мамандықтардың бірі.
Азаматтық қорғау табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге бағытталған бейбіт және соғыс уақытында жүргізілетін іс-шаралар кешенін білдіреді. Өрт, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қамтиды.
Азаматтық қорғаудың жоғары білікті мамандарын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институты жоғары оқу орнында даярлайды. Оқу мемлекет есебінен жүргізіледі, оқуды аяқтағаннан кейін міндетті түрде жұмысқа орналастырылады және офицерлік атақ беріледі.
Аталған институт жоғары моральдық және іскерлік қасиеттері бар, төтенше жағдайларда міндеттерді шеше алатын білікті офицерлерді дайындайды.
Қосымша ақпаратты Сіз Қалбатау ауылы, Қабнбай, 3 мекен жайы бойынша немесе тел.8 (72347) 65205 арқылы ала аласыз.

Жарма ауданы ТЖБ-і