
Елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу үшін енгізілген шектеу шараларына байланысты Жарма ауданының әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысының жеке және заңды тұлғалардың жеке қабылдауы эпидемиологиялық қауіпі жойылғанға дейін уақытша тоқтатылады.
Өтініштер «Қазпошта» АҚ, «EGOV.KZ» электронды үкімет порталы арқылы және аудан әкімшілігінің ғимаратында орналасқан өтініштерді қабылдауға арналған жәшік арқылы қабылданатын болады.
Сұрақтар туындаған жағдайда: 8(72347)65-667,65-536 телефондары бойынша хабарласу қажет.