
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетіндегі Жарма аудандық аумақтық инспекциясы» Мемлекеттік мекемесі «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 03 шілдедегі №331 Заңының 11 бабын негізге ала отырып, ауылшаруашылық тауар өндірушілердің назарына ұсынады: қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалар өз аумақтарында фитосанитариялық мониторингтi жүзеге асыруға және зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен көп зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер анықталған жағдайда фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзуге мiндеттi.
Осы Заңның 13 бабына сәйкес, «қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алуды жүргiзедi және уәкiлеттi органға фитосанитариялық есептiлiктi табыс етедi», фитосанитарлық есепке алудың нысандары: ФУ-1; ФУ-2; ФУ-3; ФУ-4; ФУ-5; ФУ-6; ФУ-7; ФУ-8.
Фитосанитарлық есептілік тапсыру ережесі.
Пестицидтердің қозғалысы туралы (тұқымдық материалдарды дәрілеу, егістік, таза парды химиялық өңдеу) есептілік мерзімі: жартыжылдық жылына екі рет 10 шілдеге дейін және 10 қаңтарға дейінгі уақыт аралығы.
Пестицидтерді (улыхимикаттар) биологиялық дәрмек және энтомофагтарды
өңдеу және сату жылына екі рет 15 шілдеге дейін және бір рет 15 қаңтарға дейін.
Пестицидтерді (улыхимикаттар), биологиялық дәрмек және энтомофагтарды
сақтау есебі жыл сайын 10 қаңтарға дейін.
Бүріккіш және улағыш (дәрілегіш) техникалар туралы есеп жыл сайын 10
қаңтарға дейін.
Химиялық өңдеу жүргізу туралы есеп, ай сайын наурыздан қыркүйек айына
дейін әр айдың 5 дейін.
Химиялық өңдеуге қызмет көрсету туралы есеп ай сайын, наурыздан
Қыркүйек айына дейін әр айдың 5 дейін.
Қойма жайы бойынша есеп жыл сайын 10 қаңтарға дейін.
Жарамсыз қолданбайтын және тыйым салынған пестицидтердің бос
ыдыстарын жою туралы есеп жыл сайын 10 қаңтарға дейін.
Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексінің 2014 жылығы 05 шілдедегі № 232-V, 403 бабының 1 және 2 тармақшаларына сәйкес жауаптылықта болады.
Толық ақпарат алу үшін осы мекен жайға хабарласуға болады.
Қалбатау ауылы, Искакова көшесі 48, тел: 65-413