2020 жылдың 16 наурызында Жарма аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті

2020 жылдың 16 наурызында Жарма аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

  1. Қазақстан Республикасында сайлау өткізу кезінде, мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру үшін, сайлау комиссияларының, жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, қажетті және жеткілікті жағдайлар жасау бойынша өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер туралы. Сайлау учаскелерінің белгіленген талаптарға сәйкестігіне талдау жасау, кемшіліктерді анықтау.
  2. Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі депутаттарының және Жарма ауданы бойынша аудандық мәслихат депутаттарының сайлау кампанияларына қаржы бөлінуіне бюджеттік өтінімдерді талдау, ұсыныстар енгізу.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер толығымен қаралып төмендегідей шешім қабылданды:

  1. Қазақстан Республикасында сайлау өткізу кезінде, мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру үшін, сайлау комиссияларының, жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, қажетті жағдайлар жасау бойынша өзара іс-қимылдарын үнемі қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастыру.
  2. Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі депутаттарының және Жарма ауданы бойынша аудандық мәслихат депутаттарының сайлау кампанияларына 2020 жылға қаржы бөлінуіне ұсыныстарды енгізіп, бюджеттік өтінімді бекіту, жоғарғы тұрған сайлау комиссиясына ұсыну.