
Мәлік Ғабдуллин атындаты Азаматтық қорғау академиясы төрт мамандық бойынша мамандар даярлайды 6В12302 - Өрт қауіпсіздігі, 6В12191- Азаматтық қорғаныс күштерінің командалық тактикалық, 6В12302 – төтенше жағдайларды қорғау, 6В12304 – Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі. Академияда оқу жастар үшін сөзсіз артықшылыққа ие - бұл дегеніміз тегін оқу, тамақтану, тұру, киім-кешек, сондай-ақ Ресей мен Беларусь Республикасының ТЖМ үздік бейінді оқу орындарында шетелде оқу мүмкіндігі.
Академияда оқыған 4 жыл мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі, ал оқу орнын бітіргеннен кейін түлектерге «азаматтық қорғау лейтенанты» арнаулы атағы немесе «лейтенант» әскери атағы беріледі. Сондай-ақ барлық түлектерге Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінде жұмысқа орналасуға кепілдік беріледі.
Жыл сайын Отанымыздың астанасы Астана қаласында академияның үздік түлектері өздерінің алғашқы «азаматтық қорғау лейтенанты» погондарын Қазақстан Республикасы Президентінің қолынан алады.
Курсанттар оқуда жоғары көрсеткіштерді көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар Академияның намысын қорғап, қоғамдық өмірге белсене қатысады. Спорттық жарыстарда, ғылыми форумдар мен конференцияларда жүлделі орындарға ие болады.
Академияда өрттен құтқару спортын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Академия курсанттары өрт-құтқару спортында республиканың рекордтарын екі рет орнатты.
Академия тәрбиеленушілері ұлттық байлықты от апатынан қорғау бойынша алдыңғы шепте тұр және Қазақстан Республикасының аумағында ғана емес, жақын және алыс шетелдерде де табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қатыса отырып, өздерінің қызметтік борышын абыроймен орындайды.
Оқуға түсу туралы толық ақпаратты Жарма ауданы, Қалбатау ауылы Қабанбай көшесі №3 ТЖБ-нен білуге болады. телефон № 65-261 ақпаратты
Жарма ауданы ТЖБ-і