Барлық балалар мен үлкендер сыйлықтар мен тосын сыйға толы жаңа жылдық мерекені жақсы көреді. Десекте, кереметті болдыру үшінжақсылап дайындалукеректігін үлкендер жақсы біледі. Болмашы ұқыпсыздық, мерекелік көңіл күй мен қызықты оқиғаларды бір сәтте қайғыландыруы мүмкін. Жаппай шаралар жаңа жылдық мерекенің негізгі сәттерінің бірі болып табылады. Мұндай шараларды өткізу үшін ұйымдастырушылардан қарапайым қауіпсізік ережелерін сақтау талап етіледі.
Өрт қандай да бір жанғыш заттар мен материалдардың тұтандыру көзімен байланысқа түсуінен туындайды. Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында, өрттер ашық от көзінен болады, олар: жанып тұрған шақпақ, шам, бенгал оттары, шоқтары, шартылдақтар және петардалар. Сондықтан өрт қауіпсіздік ережелерінің талаптары бөлмелерде ашық от көздерін қолданбауға бағытталған.
Құрметті басшылар, жаңа жылдық мерекенің ұйымдастырушыларыСіздерге жаңа жылдық мейрамды ұйымдастыруға және өткізуге қажет кейбір өрт қауіпсіздігі ережелерін естеріңізге саламыз:
- Кемінде екі көшіру жолымен қамтамасыз етілген, жобалау нормасының талаптарына сай келетін, терезелерінде темір торлары жоқ және 2 қабаттан аспайтын ғимараттарды пайдалануға болады;
- Бөлмеде электрлік жарықтандыру болмаған жағдайда іс-шаралар күндізгі уақытта өткізілуі тиіс;
- Шыршалар орындарында мықтап бекітіліп, бұтақтары қабырғалары мен төбеге тимейтіндей есепте орналастырылуға және ғимараттан шығарғанда қиындық туғызбауға тиіс;
- Шырша иллюминациясы тек элетрқондырғылары құрылымдарының техникалық нормаларына сәйкес келуі қажет. Шыршаға электр жарықтандыру торабын пайдаланғанда төмендету трансформаторы болмаса, онда тек тізбекті гирляндтарды пайдаланып, ондағы шамдардың кернеуі 12 В, қуаты 25 Вт аспауы тиіс;
- Іс-шаралар өткізу кезінде залда, сахнада жауапты тұлғалардан кезекшілік ұйымдастыру қажет. Іс-шаралар өткізілетін орындар алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Тыйым салынады:
- терезе торлары ашылмаған ғимараттарда іс-шаралар өткізуге;
- бөлмелердің шығу есіктерін әртүрлі заттармен бөгеуге;
- доңғалды прожекторларды, білтелер мен ұрғыштарды қолдануға, өрт тудыруы мүмкін фейерверк және басқа да жарықтық өртке қауіпті эффектілерді орнатуға;
- шыршаларды целлулоидты ойыншықтармен, сондай-ақ оттан қорғау құрамы сіңірілмеген дәке және мақтамен безендіруге;
- балаларды тез тұтанғыш материалдардан тігілген киіммен киіндіруге;
- отты және басқа да жарылу және өрт қаупі бар жұмыстарды жүргізуге;
- бөлме терезелерін қараңғылауға;
- қатарлар арасындағы өту жолының енін қысқартуға және өту жолдарыда қосымша креслолар мен орындықтар қоюға;
- бөлмеде қойылым немесе көрсетілім жүріп жақан кезде жарықты өшіруге;
- бөлмелерге белгіленген нормадан тыс адамдар кіргізуге.
Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау адам қазасы, жарақаты және өрттің себебі болуы мүмкін. Біздің ұсыныстарды сақтаңыздар, Жаңа жыл Сіздерге тек бақыт пен қуаныш әкелсін.
Жарма ауданы ТЖБ