
2020 жылдың 13 наурыз күні аудандық әкімшіліктің кіші залында ауданда тіршілік әрекетінің барлық салаларындағы объектілер мен қызметтердің мұгедектерге қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қолданыстағы қоғамдық ғимараттар құрылыстардың мемлекеттік стандарттағы сәйкестігіне мониторниг жүргізу жөнінде аудандық комиссия отырысы өтті. Отырысты аудан әкімінің орынбасары А. Ибраев ашып, сөз бастады.
Күн тәртібінде:
2020 жылы бейімделуге жататын объектілердің тізбесін сондай-ақ жұмыс жоспары қарастырылды. 2020 жылы бейімделуге жататын объектілерді бақылау үшін аудандық комиссия мүшелері тағайындалып алдағы уақытта жүйелі жұмыстар жүргізілетін болады.