
Аудан көлемінде халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2020 жылдың наурыз айының 13-14 күндері «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтеді.
Акция аясында Полиция бөлімінің бастығы, оның орынбасарлары , жергілікті полиция қызметі, әкімшілік полиция бөлімшесі және көші қон полиция қызметкерлері ағымдағы жылдың 13 наурыз күні Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Әлімбетов көшесі 16 (Nur Otan), 14 наурыз күні Қалбатау ауылы , Бабатайұлы көшесі 36 (Жарма АПБ) мекен - жайында ашық есік жағдайында халықты жеке қабылдау өткізіледі.
Осыған байланысты, азаматтардың өтініштеріне жүргізілген талдау көрсеткендей жиі қолданылатын сұрақтарға, яғни жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемаларына қатысты, автокөлікті тіркеу , жүргізуші куәлігін беру, жол жүрісін ұйымдастыру , көлік құралдарын қайта жабдықтауға , сондай –ақ әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеу бойынша сұрақтарға жауап беріледі.
Сонымен қатар , полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы құқықтық кеңес беріледі.
Жарма АПБ әкімшілік полиция бөлімше бастығы полиция аға лейтенанты А.Сағымбаев