НАЗАР САЛ, СУ ТАСҚЫНЫ!

НАЗАР САЛ, СУ ТАСҚЫНЫ!

Табиғаттың оянуына, құстардың салған әніне, көктемнің күн шуағына қуанбайтын адам жоқ шығар.

Бірақ, су тасқыны кезеңінде және мұздың осалдығы кезінде өзін-өзі ұстау ережесін сақтамайтындарға көктем қуанышты жағдай әкелмейді.

Су тасқыны және сең жүру кезінде жарылайын деп тұрған жағалауда болу қауіпті, себебі судың тез ағуы оны шайып өтіп бұзады. Міне, сондықтан көктемде әсіресе өзеннің мұзы сетілуі және сең жүрген кезде балаларды қадағалауды мейлінше күшейткен жөн, олармен түсіндіру жұмыстарын өткізу қажет.

Осы кезеңде көктемгі мұздың өте қауіпті екенін ұмытпау керек, ол сырт жағынан қатты секілді көрінсе де күн шуағы мен тұман су айдынының сетілуіне дейін оны қуыс, борпылдақ қылады.Мұндай мұз көліктік құралдарды айтпағанда адамның салмағында көтере алмайды. Көктемде су айдындарынан өтуге қатаң тыйым салынады. Әсіресе өзеннің сетілуі кезінде мұзда ойнауға жол берілмейді.Мұздан мұзға секіріп және жағалаудан алыстауға болмайды. Мұндай қылықтар әрине, қайғылы аяқталады.

Су тасқыны кезеңінде, әсіресе су басатын жергілікті жерлерде үнемі радионы қосып қоюлары қажет, өйткені су күтпеген жағдайда келіп қалуы мүмкін.

Алдын – алақауіпсіздік шаралары бойынша іс-шаралар өткізу қажет (қажетті азық-түліктермен,киім-кешекпен, ауыз сумен және т.б. қамдану), қажетті құжаттарды (төлқұжат, туу туралы куәлік) бір жерге жинап целлофан пакеттерге салып қою керек.

Тәртіп бойынша су деңгейі болжамдалып және халық су тасқыны жөнінде алдын-ала құлақтандырылады.

Су басқан ауданда қалған әрбір тұрғын өзін-өзі ұстапжәне көмек келетініне сенімді болуы керек. Дүрбелеңнің болуына жол бермеу мақсатында өзін дұрыс ұстап және қоршаған ортаға ықпал етіп, алдымен науқастарға, сосын балалар мен қарттарға көмек көрсету керек.

Жергілікті атқарушы органдар және Азаматтық қорғау қызметтерінің көрсететін көмектерінен басқа әр адам өзі өміріне және су нысандарындағы қауіпсіздікке өзі жауапты.

Көктемгі су тасқыны балалар үшін үлкен қауіп.

Балалардың қорқыныш сезімдері қызығушылықтарынан әлсіздеу, ата-ананың және үлкендердің қарауысыз қалып, қауіпсіздік шараларын білмегендіктен олар опырылуға жақын жағалауда ойнап, кейде су айдынының мұзында сырғанайды.

Осындай немқұрайлылық кейде қайғылы аяқталады.Көктемде балалардың ойнайтын жерлерін бақылауды күшейткен жөн.

АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ ОҚЫТУШЫЛАР! Балаларға әсіресе, сең жүру кезінде үлкендердің қарауысыз өзенге баруларына жол бермеңіздер; оларды өзендер мен көлдердің ашылуы кезінде мұзда болу қауіпті екенін ескертіңіздер.

Балаларға су тасқыны кезеңінде өзін-өзі ұстау ережелері жөнінде айтыңыздар, оларға суда ойнауға тыйым салыңыздар, желікпеліктің жолын кесіңіздер. Жарылған мұз, салқын су, судың тез ағу қаупі өлімге әкелуі мүмкін. Есте сақта, су тасқыны кезеңінде, тіпті болмашы сең жүргенде әрқашан балалармен бақытсыз жағдайлар болады.

Көктемдегі су тасқыны және сең жүру кезінде тыйым салынады:

  • көктем кезінде су айдынына шығуға;
  • сең жүрген кезде өзен арқылы өтуге;
  • мұзы жарылған өзенге жақындауға;
  • тасқын су және опырылатын жағалауда тұруға;
  • көпірлерде, бөгеттерде және бөгеулерге шығуға;
  • опырылған мұзға жақындауға;
  • сеңдерді жағалаудан итеруге;
  • өзеннің немесе басқа су қоймасының тереңдігін өлшеуге;
  • сең үстінен жүруге және онымен сырғанауға.

 

 Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізудің қажеттігі туралы

хабарлама

          

  • Тұрғын үй аумағын қардан тазалау;
  • Қарды қаттап тастау орындарына қарды шығару;
  • Жақын арадағы бұлақтарды, арықтарды қоқыс және мұздан тазалау;
  • Тұрғын үй аумағы бойынша өтетін немесе телім аумағына іргелес көпірлерді тазалау;
  • Өзіңіздің ауланызда су бұрғыш жырашықтар жасау;
  • Үйдің аумағында үйінділерді орындау үшін қол асты материалдарды (қаптар, топырақ, құм, саз) дайындау;
  • Құнды заттарды, азық-түлік қорларын жер қоймадан немесе су баспайтын аумаққа көшіру.

Жарма ауданының ТЖБ-нің бас маманы заматтық қорғау майоры  М.Ракишева