
2020 жылдың 3 наурыз күні Жарма ауданының мәдениет үйінде Айбай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Зере әженің ізімен..» атты қыз-келіншектер арасында байқау өтті.
Байқаудың басты мақсаты – Ұлы Абай шығармашылығын жас ұрпаққа, Абайдың ақын, тұлға ретінде қалыптасуына ықпал еткен салиқалы Зере әже, Ұлжан аналарымыздың образы арқылы ұлттық рух тәрбиесін, парасатты, білімді қазақ аруларының асыл қасиеттерін паш ету. Жас қыз-келіншектердің бойындағы сабырлылық, тектілік, нәзіктік, адамгершілік сияқты ізгі қасиеттерді кейінгі ұрпақтың бойына дарыту.
Аудан әкімінің орынбасары А. Ибраев сайыстың шымылдығын ашып, қатысушыларға өзінің ыстық лебізін жеткізді.
5 кезеңнен тұрған сайысқа ауданымыздың түкпір-түкпірінен келген 15 қыз-келіншектеріміз қатысты. Сайыс барысында аруларымыз білімімен сыналып, өнерін паш етіп, дана Абайдың шығармаларын жатқа орындап, сән-салтанаты келіскен халқымыздың ұлттық нақыштағы киім үлгілерін көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша:
І орынды Үшбиік ауылдық округінің намысын қорғап келген Амангельдиева Еркежан жеңіп алды.
ІІ орын Шар қаласынан келген аруымыз Мұхметқали Бақытгүл Бақытқанқызына бұйырды
ІІІ орынды Суықбұлақ кенті Апянова Зарина Уралқызы, Қалбатау ауылы, Георгиевка орта мектебі Иманбаева Аяулым Сержанқызы және де Әуезов кенті Капарова Құралай Жанибекқызы өзара бөлісіп алды.