Авариялық құтқару жұмысы

Авариялық құтқару жұмысы

Авариялық құтқару жұмысы

2020 жылдың 02 наурыз күні 07 сағат  06 минутта №32 ӨСБ-нің байланыс бөліміне Жарма ауданы Жарық а/о қарасты Жарық ауылынан 02.03.2020 жылы 04 сағат 00 миннутта 1 УАЗ жедел жәрдем автокөлігімен Жарық ауылдық ФАП фельдшерімен бірге ауырған адамды Қалбатау ауылында орналасқан аудандық орталық ауруханаға алып шығып, Жарық ауылынан  9 шақырым асқанда боран салдарынан қар құрсауында тұрып қалғандығы туралы хабарлама келіп түскен.

Жоғарыда көрсетілген жерге 2020 жылдың 02 наурыз күні 10 сағат 08 минутта көрсетілген жерге Жарма ауданы әкімшілігінен 1 дана УАЗ ПИКАП автокөлігіне тіркегіш тіркеп 1 дана қаршанамен және Жаңғызтөбе кентінен 1 дана жедел-жәрдем автокөлігімен Жарма ауданы ТЖБ бастығы а/қ подполковнигі Қ.Отынбаевтың жетекшілігімен УАЗ автокөлігімен 1 адам, жоғарыда көрсетілген жерге жол тартты.

Жарық а/о қарасты Малай ауылынан 10-12 шақырым өтіп, жеңіл автокөліктер қардан өте алмайтын болғандықтан қаршанамен Жарық ауылынан  15 шақырым жерде қар құрсауында тұрған Уаз жедел жәрдем автокөлігіне ТЖБ бастығы а/қ подполковнигі Қ.Отынбаевпен қаршана жүргізушісі М.Жаябаевпен жетті. 2020 жылдың 02 наурыз күні 11 сағат 30 минутта ауырған адамды қаршанасының көмегімен эвакуацияланып, Жанғызтөбе дәрігерлік амбулаториясынан шыққан жедел-жәрдем көлігіне жеткізіліп, дәрігермен алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, аудандық орталық ауруханаға жекізілді. Денсаулығына төнген қауіп жоқ.

Жарма ауданы ТЖБ-і